Жеке мәліметтер
Туған жылы мен жері: 16.10.1965, бұрынғы
Семей облысы, қазіргі Абай облысы Ақсуат ауданы
Ойшілік ауылы
Отбасы: Үйленген, екі қызы мен ұлы бар
Ұялы тел.: 87757569265
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі: Жоғары,1990–1995ж.ж., Шәкәрім атындағы Семей
педагогикалық институты, тарих факультеті
Мамандық: «Тарих, қоғамтану мұғалімі және тәрбие жұмысының әдіскері»
Ғылыми дәрежесі: Тарих ғылымдарының кандидаты, 2001 жыл
Тақырыбы: Алашорда үкіметінің шығыс бөлімі
Қазіргі қызметі: Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Ел тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры (2021 жылдың қаңтар айынан), тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Қоғамдық қызметі: Қазақстан Тарихшылар конгресінің ғалым-хатшысы, (2018 жылдың қаңтар айынан)
Кейінгі атқарған қызметтері:
Директор – «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры (2019 жылдын желтоқсан айынан 2021 жылдың қаңтар айына дейін), Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ;
Директор – «Отырар кітапханасы» Ғылыми орталығы, қыркүйек-желтоқсан 2019ж., Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ;
Кафедра меңгерушісі – 11.01. – 02.09.2019ж., Еуразиялық зерттеулер кафедрасы, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ.
Кәсіби қызметі: Оқытушы–1995-1996 ж.ж., Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институты
Оқытушы, аға оқытушы–1996-2004 ж.ж., Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Доцент міндетін атқарушы, доцент – 2004–2012 жж., Семей мемлекеттік педагогикалық институты
Доцент – 2015 жылдың қыркүйек айынан 2021 жылдың қыркүйек айына дейін, Тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ
Ресми қызметі: Факультет деканының орынбасары – 2001–2002ж.ж., Шәкәрім атындағы Семей мемлекет университетінің гуманитарлық факультеті
Факультет деканы – 2004–2006 ж.ж., М.О.Әуезов атындағы Семей университетінің гуманитарлық факультеті(қазіргі Әлихан Бөкейхан университеті)
Кафедра меңгерушісі – 2006–2007 ж.ж., Семей мемлекеттік педагогикалық институтының жалпы тарих
кафедрасы
Факультет деканының орынбасары – 2007–2008 ж.ж., Семей мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультеті
Кафедра меңгерушісі – 2009 жылдан Семей мемлекеттік педагогикалық институтының тарих және философия кафедрасы, 2010 жылдан тарих кафедрасы
Факультет деканы – 2011ж., Семей мемлекеттік педагогикалық институтының психология–педагогика факультеті
Директор – 2012–2013жж., С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Гуманитарлық ғылымдар Оқу-ғылыми-зерттеу орталығы
Бастық – 2013 жылдың мамыр айынан«Назарбаев орталығы» Мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттілік, қауіпсіздік мәселелері және даму институты»
Басшысы – 2014 жылдың сәуір айынан 2015жылдың наурыз айына дейін,«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» Мемлекеттік мекемесінің Баспа үйі
Жетекші сарапшы – 2015жылдың наурыз айынан2015жылдың қыркүйек айына дейін,«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» Мемлекеттік мекемесі Ұйымдастыру-имидждік жұмысының қызметі
Ғылыми ізденісі: Тәуелсіз Қазақстан тарихы мен тарихнамасы, 20-ғасырдағы Қазақстан тарихы, Алаштану, Қазақстан археологиясы мен өлкетану және аймақтану мәселелерімен шұғылданушы және Ұлттық университеттер мен ҒЗИ ғылыми жобаларына қатысушы, жетекші.
Ғылыми еңбектер: Алаш қозғалысы мен Алашорда тарихы, Қазақстандағы аштық және саяси қуғын-сүргін тақырыптары бойынша ондаған ғылыми басылымдар, жинақтар мен оқу-әдістемелік құралдардың және 90-нан астам ғылыми мақалалардың авторы.
Баспа ісі: «Шәкәрім» энциклопедиясы, Б. Момышұлының «Соғыс психологиясы», Қазақстанның аймақтық атласы, «Қазақстанның байырғы өнер туындылары», 20-ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері сериясы кітаптары мен жинақтары, тақырыптық құжатнамалық жинақтар, мерзімді басылымдар және т.б.
Қатысқан және жүзеге асырған жобалар жөнінде мәлімет:
I.Дербес ғылыми бағыты бойынша жүргізген ғылыми жобасы:
Алашорда үкіметінің 1918-1919 жылдар аралығында қызметі: тарихи талдау.
II.Тарих, археология және этнология ғылымдары бойынша:
1. Шығыс Қазақстан Археологиялық экспедициясы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология және этнология институты(жетекші: профессор З.С. Самашев), әль Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті(жетекші: профессор Ә.Т. Төлеубаев), Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті – Семей мемлекеттік педагогикалық институты: бірлеске археологиялық отряды (жетекшілері: профессор Исин А.И., доцент Сайлаубай Е.Е.). Қатысқан мерзімі:1999 – 2012 жылдар аралығы (Экспедиция мүшесі, археологиялық отряд жетекшісі);
2. Шығыс Қазақстан облысы бойынша: «Өлкетану» мен «Аймақтану» салалары бойынша ғылыми ізденісті жобаларға Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Семей мемлекеттік педагогикалық институты және С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті атынан қатысушы және ғылыми жетекші. Қатысқан мерзімі: 1999 – 2012 жылдар аралығы.
III. Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы бойынша:
1. «Тұлға және тарих» инновациялық-гуманитарлық зерттеулердің тақырыптық топтамасын даярлау», «Қазақстан жолы» тәрбие-білім беру орталықтарының желісі» және Орталықтың «Бұлтты Қор Мұрағаты» контентін даярлау жұмыстарын атқарған (2013-2015 жж.).
IV. Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ бойынша: «Абай академиясы» Ғылыми-зерттеу институты жобаларының тең жетекшісі (2019-2021жж.), «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» жобасы бойынша ғылыми-көпшілік басылымдар даярлау тобының ғылыми координаторы(2019-2021жж.);
V. Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ бойынша: «Ел тарихы» Ғылыми-зерттеу орталығының, «Қазақстандағы 20-30 жылдардағы аштық», «Қазақстандағы 20-30 жылдардағы қазақ ауылы» және «Қазақстандағы 20-30 жылдардағы саяси қуғын-сүргін саясаты» жобаларының жетекшісі және орындаушысы (2021 жылдан бастап қазірге дейін).
Тіл меңгерісі: Қазақ тілі- ана тілі, орыс тілі –еркін, ағылшын тілі- сөздікпен.
Еңбек қағидасы: Ізденімпаздық, тың идеяларды ұсыну, жаңашыл жобаларды жүзеге асыру, жауапкершілік, еңбекқорлық, орындаушылық.
Кәсіби біліктілігін көтеру: Үздіксіз өзіндік кәсіби ізденіс және үнемі өзін-өзі жетілдіру үдерісі. Халықаралық және республикалық деңгейдегі арнаулы курстардан өткен (ҚР, 1998-2016 жж.).
Марапаттары жөніндегі мәлімет:
— Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін бірнеше мәрте облыстық, қалалық және салалық дәрежедегі мақтау қағазы және алғыс хаттарымен(1995-2023 жж.);
— Оқу ісі, қоғамдық және тәрбие жұмыстарындағы көрсеткіштері үшін Семей қаласы әкімінің алғыс хатымен (2005 ж.);
— ҚР БҒМ «Педагогикалық қызметтегі табыстары үшін Ы. Алтынсарин атындағы» төс белгісімен (2009 ж.);
— Семей мемлекеттік педагогикалық институтының арнаулы медалі (2010 ж.);
— С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің арнаулы медалімен (2012 ж.);
— Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының контентін түзу, даярлау және жүзеге асырған еңбегі үшін Орталық директорының Алғыс хатымен (2015 ж.);
— Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ректорының: Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай Құрмет грамотасымен (2016 ж.);
— Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ректорының: «Отырар кітапханасы» Ғылыми орталығы жобасын орындаудағы ғылыми ізденісі үшінАлғыс хатымен (2017ж.);
— Қазақстан тарихшылары қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің «Алаш қозғалысына-100 жыл» естелік медалімен (2017 ж.);
— Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің Республикалық «Рухани жаңғыру» жобасын жүзеге асырудағы еңбегі үшін Құрмет грамотасымен(2019 ж.);
— Абай жылында «Абай академиясы» Ғылыми-зерттеу институтындағы елеулі еңбегі үшін арнаулы медалдармен (2020-21 ж.);
— ҚР БҒМ «Ғылымға сіңірген еңбегі» үшін төс белгісімен (2021 ж.);
— Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ректорының «Абай академиясы» Ғылыми-зерттеу институтындағы ғылыми ізденісті қызметі үшін Құрмет грамотасымен(2022 ж.);
— Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Гумилев» медалімен марапатталған(2023 ж.).
