Main » Congress

Congress

Құрылған мезгілі

• Тарихшылардың ұлттық конгресі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігінің бастамасымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында  2011 жылы 16 қыркүйекте өткен Қазақстан тарихшыларының I-ші Конгресінде құрылды. Конгресс қоғамдық ұйым.

• Конгреске мүше болуға ғылым және мәдениет қайраткерлерінің, ғылыми қызметкерлердің, мұражай, мұрағат, кітапхана қызметкерлерінің, жоғарғы оқу орындарының, колледж мектеп оқытушыларының, докторанттардың, магистранттардың, студенттердің, мектеп оқушыларының құқығы бар.

• Тарихшылардың ұлттық конгресі 2012 жылдан бастап тұрақты түрде қызмет жасап келе жатқан қоғамдық санаттағы ғылыми-көпшілік  ұйым.

Конгрестің миссиясы мен мақсаты

• Тарихшылардың ұлттық конгресі Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің нығайюын қамтамасыз ететін жалпыұлттық  идеяларды және мемлекетттік санаттағы стратегиялық  бағдарламаларды насихаттайтын құрылым.

• Конгрессөз миссиясында еліміздің әлеуметтік, саяси, рухани-мәдени өмірін айшықтауға қатысты жаңа методологиялық тұжырымдарды және тарих іліміндегі озық ғылыми тәжірибелерді кеңінен таратуды көздейді. 

• Тарихшылардың ұлттық конгресінің басымдық мақсаты – әлем қауымдастығының даму үдерісінен туындайтын қоғамдық және әлеуметтік идеялар мен талаптарға сай ұлттық-ғылыми негіздемені қалыптастыру.

• Ғылыми зерттеулер жүргізуде  үйлестірушілік және ұйымдастырушылық қызметтер атқару.

• Шетелдердің ғылыми мектептерімен үздіксіз шығармашылық  байланыстарды іске асыру. Отандық іргелі зерттеулер нәтижелерін әлемдік деңгейде насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру.

• Дүниежүзілік тарих ғылымына интеграцияланудың теориялық-методологиялық мәселелерін айқындауға ғылыми қолдау көрсету.

• Ұлт пен мемлекет тарихын зерттеуші ғалымдардың еңбектерін жарыққа шығарту арқылы еліміздің біртұтас тарихын жаңа сипатта шығартуға ықпал жасау.

• Отан тарихын зерттеудің методологиялық ұстанымдарын және оны игертудің ғылыми компоненттерін қалыптастыру және халықтық сананы  үздік отандық тарихи шығармалар  арқылы жаңа деңгейде кемелдендіру.

Конгрестің қызметі

• Тарихшылардың ұлттық конгресі ұйымдастыруымен және қолдауымен Ел тарихының өзекті мәселелеріне қатысты тақырыптар бойынша бірнеше ғылыми отырыс өткізді.

• Конгрестің бұл отырыстары мемлекеттік стратегиялық бағдарламалық мақалалар мазмұнын республика көлемінде насихаттау және көпшілікке ғылыми-танымдық аспектіде жеткізу мақсатында өткізілді.

• Мемлекет басшысының Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойы аясында Жошының тарихи тұлғасын ұлттық тарихпен байланыстыра қайта зерделеу жөніндегі ұсынысы негізінде Тарихшылардың ұлттық конгресі «Жошы Ұлысы тарихының мәселелері» тақырыбында кезекті VII Конгресін өткізді(25 қазан 2019 жыл).

• Тарихшылардың ұлттық конгресі Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойлары және «Ұлық Ұлыс» – Алтын Орданың 750 жылдығы аясында «Отандық тарих ғылымындағы тұлға: жаңа зерттеулер мен ұстанымдар» тақырыбында кезекті VIII отырысын өткізді(10 желтоқсан 2020 жыл).

 • 2021 жылғы 29 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл: тарихи бағдары, даму белестері мен болашағы» атты XVIII халықаралық Еуразия ғылыми форумы болып өтті. Форумды ұйымдастыру және мазмұнын түзу жұмыстарына Тарихшылардың ұлттық конгресі де белсенді қызмет атқарды.

• «Форумның басты мақсаты – Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласындағы Ұлы дала елі тарихы мен Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігі арасындағы сабақтастықты әлемдік ғылыми зерттеулер тәжірибесі аясында қарастыру болды.

• Шетелдік тарихшы-ғалымдардың қатысуымен Қазақстан тарихын зерделеудің жаңа санаттағы «Ашық алаңын» қалыптастыру форумның мақсатын түзді

• Әлем тарихшыларының Қазақ халқының және Қазақстан тарихы мен мәдениеті туралы жазған еңбектерін саралауды мемлекеттік мүдде тұрғысынан қарастыру.